top of page

Кітапхана туралы ақпарат

Атырау қаласындағы НЗМ филиалы 2013 жылдың 26 тамызында ашылды.  Кітапхана мектептің 2 - қабатында 203 кабинетте орналасқан.  Кітапхана ғимаратының жалпы көлемі – 264,5 шаршы метр.  Мектепте  7 - 12 сынып аралығындағы оқушылар оқиды. Кітапханада оқушылардың оқуына қажетті барлық кітапханалық жабдықтар қамтамасыз етілген.  Кітапхана жұмысының мақсаты – Назарбаев Зияткерлік мектебі тұжырымдамасы бойынша оқырмандарға жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып білім беруге, ғылыми ізденіске, жаңа ақпараттармен қамтамасыз етуге, мәдени сергіту жұмыстарға қолдау көрсету.

Жобалар

Bookcrossing – бұл Назарбаев Зияткерлік мектептерінен ауылдағы жалпы білім беретін мектептердің кітапханасына кітап саяхаты. Әр алуан кітаптар мен оқу құралдарын, сөздіктер мен басқа да қажетке жарар пайдалы әдебиетті ауылдағы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына cыйға таратылады.

«Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасы  - оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу.

Reading Time - кітап оқу арқылы әр халықтың тарихын, мәдениетін қазақ тілінде, орыс  және ағылшын тілдерінде оқу сонымен қатар, барлық мектеп қызметкерлері, мұғалімдер 15 минутын кітап оқуға арнайды.                                                .

bottom of page